__Негізгі төлем схемасы: 1-қадамдық (SMS) төлем.
Әдепкі бойынша, коммерсанттың виртуалдық терминалы epay жүйесінде 1-қадамдық төлемді өткізу үшін бапталады.__
Төлем процесі:
- Клиент коммерсант жүйесінде тапсырыс береді, төлем процесіне өтеді.
- Коммерсанттың жүйесі epay жүйесіне төлем өткізу туралы сұраныс жібереді.
- Epay жүйесі клиенттің картасынан тапсырыс сомасын шегереді.
- Epay жүйесі коммерсантқа төлемнің нәтижесін жібереді.
- Төлем сәтті өткізілсе, коммерсант клиентке қызмет көрсету/тауар беруін қамтамасыз етеді.
- Қайтару процесі.
Қайтаруды орындау екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
https://epay.homebank.kz/ сайтындағы коммерсанттың жеке кабинетін пайдалану арқылы қолмен Коммерсанттың жүйесін epay жүйесімен API арқылы интеграциялау арқылы:
- Коммерсанттың жүйесі epay жүйесіне шегерілген соманы қайтару туралы сұраныс жібереді.
- Epay жүйесі клиенттің картасынан тапсырыс сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
- Epay жүйесі коммерсантқа қайтару өткізудің нәтижесін жібереді.
Қайтаруды өткізу кезінде қайтару сәттілігін бақылау жауапкершілігі коммерсантта:
- Epay жеке кабинетінде қайтару өткізу кезінде, қайтаруды жүзеге асыратын қызметкер epay жүйесінің сәтті нәтиже бергеніне және төлем статусының "Қайтарылған" болып өзгергеніне көз жеткізуі қажет.
- API арқылы қайтару жүргізу кезінде коммерсанттың жүйесі қайтару өткізудің нәтижесін бақылауы керек, және қателер болған жағдайда, ақпарат компанияның жауапты тұлғасына тексеру үшін берілуі тиіс, қажет болса сұранысты түзетіп, қайтаруды қайта өткізу немесе epay техникалық қолдау қызметіне жүгіну.
- Қосымша төлем схемасы: 2-қадамдық (DMS) төлем.
- Егер бизнестің стандартты критерийлері болмаған жағдайда және клиенттің картасынан қаражаттарды шегерер алдында соманы алдын ала блоктау қажеттілігі туындаса, коммерсант 1-қадамдық төлем схемасын (epay жеке кабинетіндегі "Параметрлер" бөлімінде) өшіре алады.
Негізгі ұғымдар:
Қаражатты блоктау - қаражат клиенттің картасына резервтеледі, ол картада қалады, бірақ клиент үшін пайдалануға қолжетімді болмайды. Қаражаттың шегерілуі - қаражат клиенттің картасынан алынып, коммерсанттың шотына есептелу үшін банк-эквайерге (Halyk) жіберіледі.
Төлем процесі:
- Клиент коммерсант жүйесінде тапсырыс береді, төлем процесіне өтеді.
- Коммерсанттың жүйесі epay жүйесіне төлем өткізуді сұрайды.
- Epay жүйесі клиенттің картасында тапсырыс сомасын блоктайды.
- Epay жүйесі коммерсантқа төлем өткізудің нәтижесін жібереді.
Төлем сәтті болса, коммерсант:
- клиентке қызмет көрсету/тауар беруін қамтамасыз етеді және epay жүйесіне клиенттің картасынан төлемді шегеру туралы сұраныс жібереді;
- • егер клиентке қызмет көрсету/тауар беру мүмкін болмаса, epay жүйесіне төлемді қайтару туралы сұраныс жібереді;
- Epay жүйесі коммерсанттың сұранысын - клиенттің картасынан қаражат шегеру немесе клиенттің картасындағы соманы блоктан босату жүргізеді.
- Epay жүйесі коммерсантқа шегеру/қайтару операциясының нәтижесін жібереді.
Төлемді қайтару немесе шегеру екі жолмен өткізілуі мүмкін:
https://epay.homebank.kz/ сайтындағы коммерсанттың жеке кабинетін пайдалану арқылы қолмен Коммерсанттың жүйесін epay жүйесімен API арқылы интеграциялау арқылы. __Қайтару/шегеру әрекетін өткізу кезінде операцияның сәттілігін бақылау жауапкершілігі коммерсант