Аударым бетін инициализациялауды бастамас бұрын, Сізге мобильді қосымшаңызға SDK орнату керек.
IOS SDK орнату нұсқаулығы Android SDK орнату нұсқаулығы
SDK-де аударым бетін іске қосу бойынша нұсқаулық
Мобильді қосымшаңыздағы SDK баптағаннан кейін аударымның өзін баптауға өтіңіз.
Сізде аударымның бірнеше түрін іске қосу мүмкіндігі бар
- P2P
- OCT
- AFT
- Ұялы телефонға аудару
Аударымдардың осы түрлерін пайдалану мүмкіндігі үшін Сізге менеджеріңізге хабарласу керек.
1. Invoice инстансын инициализациялау
Төлем бетіне өтпес бұрын, Invoice моделінің инстансын инициализациялаңыз.
Жалпы жолдардың сипаттамасы:
Жол атауы | Міндетті параметр | Сипаттамасы |
---|---|---|
id (invoiceId) | Иә | Тапсырыс нөмірін коммерсант жасайды, әрбір жаңа тапсырыс үшін тапсырыс нөмірі бірегей, 6-дан 15 цифрға дейін болуы керек. Егер сіздің тапсырыс нөміріңізде 6-дан астам таңба болса, онда бірегейлік қосымша соңғы 6 таңба бойынша сақталуы керек |
amount | Иә | Тапсырыс сомасы |
currency | Иә | Валюта |
postLink | Иә | Төлем туралы хабарлама |
failurePostLink | Иә | Сәтсіз төлем туралы хабарлама, егер толтырылмаған болса, онда ақпарат postlink-те көрсетілген мекенжайға жіберіледі |
backLink | Иә | Төлем сәтті болған кезде дүкенге оралу сілтемесі |
failureBackLink | Иә | Төлем сәтсіз болған кезде дүкенге оралу сілтемесі |
description | Жоқ | Тапсырыс сипаттамасы, рұқсат етілген таңбалар саны 125 байт |
isRecurrent | Иә | true рекуррент төлемді баптау үшін, басқалай болған жағдайда false. Әдепкі қалпы бойынша, false-ті пайдалануды ұсынамыз |
autoPaymentFrequency | Жоқ | Төлемдер жиілігі: WEEKLY, MONTHLY, QUARTERLY |
homebankToken | Жоқ | Homebank те сақталған карталармен төлем жасау мүмкіндігі үшін |
accountId | Жоқ | Дүкен клиентінің сәйкестендіргішін көрсетуге арналған міндетті емес жол |
transferType | Иә | P2P, AFT, OCT, byPhone. cardID → егер сізде ePay-де сақталған алушы немесе жіберуші картасының деректері болса, карта деректерін аудармау үшін аударымның осы түрін пайдалана аласыз |
senderCard | Жоқ | cardID → егер сізде ePay-де сақталған алушы немесе жіберуші картасының деректері болса, карта деректерін аудармау үшін аударымның осы түрін пайдалана аласыз |
receiverCard | Жоқ | cardID → егер сізде ePay-де сақталған алушы немесе жіберуші картасының деректері болса, карта деректерін аудармау үшін аударымның осы түрін пайдалана аласыз |
Invoice iOS инстансын инициализациялау мысалы
import EpaySDK
let invoice = Invoice(
id: invoiceId,
amount: amount,
currency: "KZT",
accountId: "1",
description: "",
postLink: "https://testmerchant/order/1123",
failurePostLink: "https://testmerchant/order/1123/fail",
isRecurrent: false,
autoPaymentFrequency: .weekly,
transferType: .P2P
)
// Аударым түрлері
public enum TransferType: String, CaseIterable {
case P2P, AFT, OCT, CardId, byPhone}
Invoice Android инстансын инициализациялау мысалы
import com.ss.halykepay.data.model.Invoice
val invoice = Invoice(
id = invoiceId,
amount = amount,
currency = "KZT",
accountID = "1",
description = "",
postLink = "https://testmerchant/order/1123",
failurePostLink = "https://testmerchant/order/1123/fail",
isRecurrent = false,
autoPaymentFrequency = Invoice.AutoPaymentFrequency.WEEKLY,
isP2P = true,
)
2. Төлем бетін іске қосу
IOS-та іске қосу мысалы
import EpaySDK
let pm = PaymentModel(authConfig: <Бұрын бапталған AuthConfig>, invoice: < жоғарыдағы тармақпен жасалған Invoice инстансы>)
let launchScreenVC = LaunchScreenViewController(paymentModel: pm)
launchScreenVC.setEnvironmetType(type: .prod) //тест үшін қолданыңыз .dev
navigationController?.pushViewController(launchScreenVC, animated: true)
Android-та іске қосу мысалы
Бұрын жасалған HalykEpaySDK инстансын пайдаланып, Invoice инстансын беру арқылы төлем бетін іске қосыңыз
halykEpaySdk.launchEpay(invoice)
3. Жауапты өңдеу
Жауапты өңдеу баптаулары SDK орнату нұсқаулықтарында сипатталған